Атыраудағы қандастар үшін «Ашық есік күні» өтпек. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әділет департаментімен азаматтарға құқықтық мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. «Ашық есік күні» 2-маусым күні, сағат 15.00-де облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді. Оған Әділет департаментімен бірге нотариус, адвокат және жеке сот орындаушылары қатысып, құқықтық кеңестер береді.

-Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 269 бұйрығымен бекітілген «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасы аясында осындай іс-шара ұйымдастырғалы отырмыз. Аталған құқықтық кездесудің негізгі мақсаты - қандастарға кеңінен құқықтық тұрғыда әлеуметтік мәселеліріне қатысты, яғни адвокаттармен белгіленген санаттағы азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Өңірімізге көшіп келген барша қандастарды осы жиынға шақырамыз,- деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Мәмбетов.