Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау, жинау, сұрыптау және көмуге арналған тариф құны өсті. Баға осыдан үш жыл бұрын жан басына 117 теңге болып бекітілген еді. Қоқысты тасымалдау құны 2006 жылдан бері өзгеріссіз бір деңгейде болған. 2023 жылы бұл бағам 395 теңгеге дейін өсіп отыр. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жанар-жағармай шығыны мен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру үшін осындай қадамға баруға тура келіп отыр.