Атырауда үш айдан бері таза суға жете алмай отырған тұрғындар бар. "Нұрсая" ықшамауданының халқы ұзақ уақыттан бері лас сары суды тұтынып келеді. Сорақысы, халық құбырлардан кей күндері құм, тас та шығатынын айтады. Ал сарғайған су тазаланғанша кранды сағаттап ашып қоятын тұрғындар ол қып-қызыл шығын дейді. Су азабын тартқан жандар жергілікті биліктегілерден де сан мәрте көмек сұраған екен. Бірақ шенеуніктер ескі құбырларды жаңартуға қаржы тапшы деп қол қусырып отыр.