Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде тәуелсіз елдің даму жолдары айқындалды. Партиялар енді еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретінін де атап өтті. Президент азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына мүмкіндік беру дамудың даңғыл жолы деді. Себебі адами капитал мемлекеттік экономикалық -әлеуметтік өркендеудің басты талабы және іргетасы. Саясаттанушы Сайполла Сапановтың айтуынша Президент жүктеген міндеттер алдағы уақытта жүйелі жүзеге асады деп сенеді.