Облыста қызылша инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты және бақылауда. Ағымдағы жылы қызылшаның 6 жағдайы шахарда тіркелді. Айта кетейік, өңірде қызылша ауруының соңғы көп тіркелген жағдайы 2019-да болған, 774 жағдай. Республика көлемінде, оның ішінде облысымызда қызылшаның әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында 9 айда 20-29 жастағы адамдар арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген екпе жұмыстарының арқасында қызылша ауруы 7,6 есе төмендеген.