Облыстық мәслихаттың су жаңа мүшелері тағайындалды. Алғашқы жиын өтіп, депутаттық мандат төс белгі мен куәлік табысталды. Сайлауға 6 саяси партия қатысты. Нәтижесінде, бұл жолы облыстық мәслихаттан "Аманат" партиясына 10 орын, Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Respublica» және «Байтақ» жасылдар партиясына бір орыннан бұйырды. Ал, «Ақ Жолдықтарға» 2 орын тиесілі. Қалған 15 депутат бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды. 30 депутаттың жетеуі әйел. Мәслихаттың VIII шақырылым енді жаңа құраммен өз жұмысын бастайды. Айта кетейік, дауыс беруге 204 355 сайлаушы қатысты. "Бәріне қарсымын" дегендер саны 6 859 - ды құрады.