Еліміздегі ауқымды саяси науқанға жастар да үн қосты. Бұл өзгерістер жолындағы үлкен қадам десек те болады. Биылғы сайлау өзінің ерекшелігімен де есте қалды. Мәжіліске өту үшін партиялар бұрын, кем дегенде 7 пайыз дауыс жинау керек болса, биыл бұл көрсеткіш 5 пайызға дейін төмендетілді. Соған сай дауыс беру нәтижесімен 6 партия мәжіліске өтті.