Атырау мұнай өңдеу зауыты ағынды сулар салдарынан зиянды заттардың атмосфераға таралуын азайтпақ. Бұл - зауыттың “Tazalyq” жобасы аясындағы механикалық тазарту қондырғыларын жаңғыртудың I кезеңі аясында іске асатын болады . Жобаның жайымен және екінші кезең жұмыстары барысымен АМӨЗ экологиялық кеңесі мүшелерімен бірге, біздің тілшілеріміз де танысып қайтты.