Еліміздегі ауқымды саяси науқан аяқталды. Қазақстандықтар саяси науқаннан кейінгі елдің даму қарқынына сенімді. Облыс бойынша 445 кандидат депутаттыққа үміткер болды. Сайлауға өз кандидаттығын ұсынған депутаттар өңірдегі бірқатар проблемаларды да көтерді. Оның ішінде, балық шаруашылығы, ауыз су мәселесі, Жайық өзенінің тартылуы, экология секілді сан алуан проблемалар әр кандидаттың сайлау алды бағдарламасында көтерілді. Қазіргі таңда облыс бойынша мәжіліске, мәслихатқа өткен депутаттардан халықтың үміті зор.