«Үйдегі» дәріхана үшін айыппұл салынды. Береке ықшам ауданында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері психотропты және өзге де дәрі-дермектерді сатумен айналысқан 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. ҚР Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодексінің 424-бабына сәйкес, яғни қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысу дерегі бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды.