«Тоққа түсіп өлер жайымыз жоқ». Алмагүл ықшам ауданының тұрғындары осылай деп шу шығарды. Тұрғын үйлерінің асты түгелдей дерлік суға кеткен. Электр желілерінің істен шығуы жығылған үстіне жұдырық болды дейді. Бұқараның базынасымен біздің телеарна тілшісі танысып қайтқан болатын.