Облыс орталығында 2-3 күннен бері ауадағы жағымсыз иістің таралуына байланысты тұрғындар наразылықтарын білдіруде.Осыған байланысты облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 28 наурызда жағымсыз иіске байланысты атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күкіртсутек ингредиентінен рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактісі анықталған.