Балаларды тасымалдайтын қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары жүргізілуде.
облыс аумағында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында сәуірдің 10-на дейін «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты ауқымды акция өтуде. Іс-шара барысында балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдайтын көлік құралдарын тексеріп, жол қозғалысы ережелерін сақтау, соның ішінде мектеп автобустарына балаларды отырғызу және түсіру ережелері, автобустардың техникалық жағдайы тексерілді.