Кез келген елдің мәдениеті көрініс тауып, тарихынан сыр шертілетін киелі сахнаның қызметкерлері театр күнін ерекше атап өтеді. Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры ие. Театр ұжымы халықаралық мерекеге орай концерттік кеш өткізді. Жыл қорытындысы бойынша үздіктері анықталды. Толығырақ тілші бейнематериалында.