Елімізде жатақханалардағы орын тапшылығы әлі күнге дейін шешілмей келеді. Бұл күн тәртібіндегі мәселеге де айналды. Республикада 270 мың орын тапшы. Мәселен, жол картасы бағдараламасы бойынша аймақта 2021 жылы 350 орындық, 2022 жылы 200 орындық жатақхана салу көзделген. Бірақ жұмыс толық аяқталмады. Өйткені, оқу орындары жатақханаларды қабылдамады. Бұған мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалмау немесе жылы су жүйелері жүргізілмеуі себеп болып отыр. Осы жолда қажеттілікті шешу үшін 2018-ші жылдан бастап «Қаржы орталығы» механизмді іске қосты. Орталықтың мақсаты - жеке кәсіпкерлерді Қаржы орталығы бағдарламалармен таныстырып және университет жатақханаларына инвестор іздеу.