Мектеп медиациясы негіздері. Осындай атаумен шахар іргесіндегі Ақсай елді-мекенінде нөмірі 25-ші Бауыржан Момышұлы атындағы білім ордасында шеберлік сағат өтті. Мақсат мектептерде орын алатын жанжалдардың алдын-алу. Өйткені қазіргі мезгілде мұғалім мен оқушының арасында келіспеушілік туындап шуға айналып жатқан жайы бар. Осыған байланысты облысымыздағы білім беру ұйымдарының қазіргі заманғы тәрбие үдерісіне тән ерекшеліктері әлеуметтік қажетті құндылықтар , дәстүрлер, мінез-құлықтық тәжірибелер тұрғысында жаңарту басты мақсат болып отыр. Жиынға мектеп директорларының орынбасарлары, педагог және әлеуметтік психологтар мен сынып жетекшілері қатысты.