Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі моноқалаларды жан-жақты дамытуға бағытталған тапсырмаларына сәйкес, биыл да «Ел бірлігі - Жаңа Қазақстан» жобасы жалғасын таппақ. Аталған жобаның негізгі мақсаты - өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, ұлттық өнерді дәріптеу. Шара аясында 2025 жылға дейін 28 аудан, 29 моноқала, 20 облыс орталығының тұрғындары кезең-кезеңмен қамтылатын болады. Жалпы алғанда, биыл 3 республикалық жоба мен 5 бағыт бойынша гастрольдік сапарға дайындық жүргізілуде. Осы жұмыстар аясында Елордамыз Астана қаласынан «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі гастрольдік сапармен келіп, аудан тұрғындарына мәдени кеш сыйлады.