Бұдан былай, тұрғындар мүлік иелерінің бірлестігімен бірге үйлерін өздері жабдықтайды.Яғни, басқару жүйесі толық меншік иелерінің өз қадағалауларында болады. Бір үй, бір есепшот, қағидасы бойынша ай сайынғы тұрғындардың төлемақылары тек қана бір үйдің қажеттілігіне жұмсалады. Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлерге жаңа басқару органын құруға жататын 1 392 үйдің барлығына жаңа басқару органдары құрылып, жалпы көрсеткіш 100 пайызды құрап отыр. Толығырақ бейнематериалда.