Әз-Наурыз қазақтың жаңа жылы. Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп тіршілік атаулы ұйқысынан оянады. Ел жұрт көрісіп бір-бірімен қуанышты күйге бөленеді. Осы орайда Авангард ықшам ауданындағы Жеңіс саябағында киіз үй құрып қазан ошақ көтеріп ақ дастархан жайылды. Мемлекеттік мекемелер өзара бірлесіп өткізген салтанатты шараға қала тұрғындары да белсене қатысты.