Облыс орталығында 15 наурыз бен 15 мамыр аралығында тұрмыстық қалдықтарды санитарлық тазалаудың екі айлығы жарияланды. Осыған орай облыстық, қалалық әкімдіктің екі жүзден астам қызметкері қаланы санитарлық тазарту бойынша сенбілікке қатысты. Әріптестерімен бірге аумақты тазалауға облыс әкімі Серік Шәпкенов, қала әкімі, әкім орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері «Арнайыавтобаза» ЖШС қызметкерлерімен бірге 3, 4 шақырым жағалау белдеуін тұрмыстық қоқыстан тазартты.