Атырау қаласы Жаңаталап ауылының тумасы, ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген ардагер Тәжіғали Құлбаевтың атына көше атауы берілді. Салтанатты рәсім алдымен Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінде өтті. Жиынға ауыл әкімі, ауыл тұрғындары, ақсақалдар және ардагердің ұрпақтары мен ағайын - туыс бауырлары қатысты. Кейін жаңа көшенің басында лента қию рәсімі өткізілді.