Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті. Оның уақытша міндетін атқаруды басқарма басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевке жүктеді. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Асхан Байдуәлиевтің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Алғыс хатын табыстады. Еске сала кетейік, Асхан Мархабайұлы Байдуәлиев бұл қызметке 2020 жылдың 22 қазанында тағайындалған еді.