Еліміздегі саяси додаға көпбалалы отбасылар жақсы қатысуда. Мәселен Тасқала ауылдық округіне қарасты №255 сайлау участігіне Жазықбай Асанов өзінің отбасы мүшелерін түгел ертіп келді. Жалпы аталған учаскеде дауыс беруге құқылы сайлаушылар саны - 2096. Оның 250-ге жуығы түске дейін келіп, таңдауларын жасаған.