Самал ықшам ауданында орналасқан №268 сайлау учаскесінде Кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына дауыс берушілердің барлығы дерлік қатысты. Аталған сайлау учаскесінде 1 811 сайлаушы тіркелген. Саяси науқанда самалдықтар өте белсенділік танытты.