№10 сайлау учаскесінен әріптесім Нұржол Жақсылық тікелей эфирге қосылды. Рахмет, әріптес. Жалғастырамыз. Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында Атыраудағы №7 сайлау учаскесіне тіркелген тұрғындар таңғы сағат 7:00-ден бері үздіксіз дауыс беріп жатыр. Мұнда 2 314 сайлаушы тіркелген.Олардың арасында жазушы, композитор, «Қазақстанның Еңбек Ері» Ілия Жақанов бар. Ол жұбайы Тыйыш Алтаевамен бірге дауыс берді.