Береке шағын ауданындағы № 42 орта мектепке көрнекті мемлекет қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың есімі берілді. Нұрлан Балғымбаев отандық мұнай-газ өнеркәсібі арқылы ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосқан мұнай саласының майталманы еді. Қазіргі Қазақстанның қалыптасуында өшпестей із қалдырған бірігейдің есімін ұлықтауға арналған жиынға облыстық және қалалық білім бөлімі басшылары, қайраткердің туыстары мен ұрпақтары қатысты.