Өңірде міндетті медициналық сақтандыру жарнасынан жалтарушылар саны азайған. Десе де әлі 72 092 тұрғын төлемін жасамаған. Дегенмен бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салытырғанда едәуір аз. МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген жоба. Медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қызметкерлер қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады. Халыққа мед сақтандырудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында жауапты мамандар баспасөз брифингін өткізді. Толығырақ тілші бейнематералында.