«Сенің сәтің» республикалық студенттер форумы аясында Атыраудағы жоғары оқу орнында Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен студенттік кеңестің отырысы өтті. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 60-тан астам жоғары оқу орны, 200-ге жуық студенттік кеңес пен ұйым жетекшілері қатысты.