Президент Реджеп Тайып Ердоған ақпанның 12-сінен дейін тулар төмен түсірілетінін хабарлады. "Рейтер" таратқан соңғы ақпарат бойынша жойқын жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 2 300 адамнан асты. Жарақат алғандар 14 мыңнан көп. Іздеу-құтқару ісіне 10 мыңдай маман тартылды. 3 мыңға жуық ғимарат қираған. Табиғи апат болған елдің оңтүстігіндегі қалалар арасындағы жолдар опырылған, интернет байланыстары нашарлаған. Жалпы ел бойынша теміржол қатынасы мен әуе рейстері де белгісіз мерзімге дейін шегерілді.