Осындай қиын-қыстау кезде Түркия еліне көмек беру үшін Президенттің тапсырмасымен бір топ құтқарушы, медицина мамандары және қажетті техника тиелген ұшақ Алматы әуежайынан Түркия еліне аттанды. Түркияға аттанатын ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты, түні бойы ұша алмады. Таң атып, тұман сейілген соң жолға аттанды. Бортта ұшқыштармен қоса, 41 адам - республикалық жедел-құтқару жасағының 33 қызметкері, Апат медицинасы орталығының 5 қызметкері және министрдің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің үш өкілі бар. Құтқарушылар мен медицина мамандары отырған ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына барып қонады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Түркиядағы жер сілкінісің салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар саны артуда. 7,7 магнитудалы зілзала Түркия мен Сирияның бірнеше облысына әсер еткен.