Атырау облысында 32 жастағы келіншек туған баласын сатып жібермекші болған. Оның қылмыстық әрекеті әшкере болды.Қатыгез ана күйеуіне бөбектің қайтыс болғанын айтып, сатып алушылар іздеген. Алатын адамды да тапқан. Сөйтіп ол, қомақты қаржы ұсынған екі сатып алушыны тауып, баласын ұстатып жіберген. Белгілі болғандай, безбүйрек ана Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Полиция департаменті осы оқиғаны растап «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бабымен іс қозғалды. Күдікті әзірге баласының жанында, бостандықта.