Махамбет аудандық Төтенше жағдай және полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Жұмыс барысында автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, өрт сөндіргіштері тексерілді. Барлық көлік жүргізушілерге «Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында жадынамалар таратылды. Рейд кезінде тоқтатылған кей автокөліктерде өрт сөндіргіштің жоқтығы анықталды. Көлік иелеріне ауызша ескерту жасалды. Сонымен қатар рейдтік жұмыстар жеке тұрғын үй секторларында да жалғасты. Үгіт-насихат жұмысын жүргізушілер тұрғындарды төтенше жағдайлардан сақ болуға шақырды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Махамбет ауданында 3 өрт оқиғасы тіркелді. Оның екеуі тұрғын үй секторында орын алып, бір көлік өртке оранды.