Индер ауданында балаларға арналған оқу орталығы ашылды. Мұнда мектеп алды даярлық тобы мен ерекше күтімді қажет ететін балалар да білім ала алады. Оқу- дамыту мекемесі 3 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді қабылдайды. Бұндағы Балалармен логопед, психолог мамандары жұмыс істейді. Сонымен қатар мекеме жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Орталық 35 балаға есептелген.