Атырауда жалпы білім беретін орта мектептің директорынан туберкулез ауруы анықталды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 18 қантар күні шыққан анықтамасы негізінде хабарлайды. Қазіргі таңда мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп басшысымен жұмыс барысында қарым-қатынаста болған қызметкерлерге медициналық тексеру өткізіліп және мектепке тиісті санитарлық шаралар жүргізіліп жатыр.