Тағы да өрт шықты. Бүгін сағат 15:19-да Атырау қаласы, Зейнолла Қабдолов көшесінде орналасқан бұрынғы Химзавод аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Шақырту орнында екі резервуар жанында шамамен 64 шаршы метр көлемінде май қалдықтары жанып жатқаны анықталды. Қызыл жалын 16:38-оқшауланып, 17:41-де толықтай сөндірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.