Атырауда «Атаулар сыры - тұнған тарих» атты анықтамалық кітаптың тұсаукесер салтанаты өтті. Игі бастаманы ұйымдастыруға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мұрындық болды. Салтанатты жиынға қала әкімі орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, еңбеккерлерге өз ризашылығын білдірді.