Негізгі Жаңалықтар PLOGGING АКЦИЯ

PLOGGING АКЦИЯ

Жүгіріп жүріп, қоқыс жина. Жайық жағалауын тазалау мақсатында плогинг акция өтті. Бұл сенбіліктің ерекшелігі еріктілер дене белсенділігімен қатар, табиғатты тазарту жұмыстарына ат салысты. Экологиялық қозғалысқа 200-ге жуық адам тартылды. 10 мекеме әр топқа бөлініп өзара сайысты. Ең көп қоқыс жинаған құрама ақшалай сыйлыққа ие болды. Іс- шара барысында киіз үй тігіліп қатысушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, кофэ брейк те ұйымдастырылды. Бұл жастардың экологиялық белсенділігін арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстану мен нетворкинг-коммуникациялық байланыстарын нығайтуды көздейді. 
Бөлісу