Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XVIII cессиясы өтті. Күн тәртібі бойынша облыстық дербес құрам туралы шешім, коронавирус пандемиясының кәсіпкерлік салаға әсері, мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, сонымен қатар облыстың "Құрметті азаматы" атағын беру және Қоғамдық кеңес пен мәслихаттың тұрақты комиссиялар құрамына өзгеріс енгізу туралы мәселелер талқыланды.