Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы басым бағыттардың бірі ол - спорт саласы. «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау­лысымен бекітілді. Осы жос­парға сәйкес, жекеменшік әріп­тестік аясында балалар мен жасөс­пірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыру жүйесі енгізілді. Дені сау ұрпақ, жарқын болашақтың кепілі. Енді қазақстандықтардың спортпен тұрақты әрі еркін айналысуына барлық жағдай жасалады.