Енді әскерге барып келген азаматтар кез келген  ЖОО тегін білім ала алады, сондай - ақ коммуналдық төлемдердің 50 пайызын ғана төлемек. Бұл туралы  ҚР Қарулы Күштері Бас штабының өкілі Сәкен Жүсіповтың өңірге сапары аясында айтылды. Оның аймаққа келудегі негізгі мақсаты - күзгі әсерге шақыру жұмыстарымен танысып, міндеттемелердің толық орындалуын бақылау. Жиынға облыс әкімі орынбасары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, әскери қызметкерлер және шақыру комиссияларының төрағалары  қатысты.