Тағы бір тағайындау. Атырау облысының ішкі саясат басқармасына да жаңа басшы келді.  Атырау облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымға  Гүлнұр Сүйеуова тағайындалды.  Гүлнұр Сүйеуова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Алғаш еңбек жолын Индер ауданында мұғалім, кейін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып бастаған. Одан кейін Индер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде уақытша бас маман, Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2021 жылдан бері Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.