Өңірде балық аулау ережесін бұзған 77 факті тіркелді.  Облыс аумағында өтіп жатқан «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасында  заң бұзушылықтар анықталып, заңды шешімдерді уақытылы қабылдау бақылауға алынды. Іс-шараның 10 күнімен заңсыз балық қорының айналымымен байланысты 77 құқық бұзушы ұсталып, олардан 199 кг балық тәркіленді. Заң бұзғандар 
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабымен жауапқа тартылса, 1 тұлғаға қатысты жинақталған құжат сотқа жолданды.