Келер жылы этникалық қазақтарға арнайы карта енгізіледі. Жаңа жоба өзге елде табысты бизнес-кейстерді іске асырып, оны елімізге  әкелуді мақсат еткен 100 кәсіпкерге берілмек.  Бұл туралы Шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы мәлімдеді. Елге оралуға ниет білдірген этникалық қазақтар үшін еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Айта кетейік, осы жылы өңірге  шет елден келген 148 отбасы, 198 адам этникалық қазақ мәртебесін алған. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына 3 қандас хабарласып, тұрақты жұмысқа орналасқан.