Атырауда қоқыс шығару тарифі 197-ден 594 теңгеге дейін өспек. Бұл туралы Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Оспанов мәлімдеді. Қала әкімі Мейірім Қалауи қатысқан жиында ақсап тұрған экология, медицина салалары да талқыланды. Толығырақ тілші тарқатсын.