Атырауда дүниежүзілік тазалық күніне орай кең көлемді тазалық акцясы өтті. Іс-шараға облыстық табиғи ресуртар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен "Жастар рухы" жастар қанаты облыстық филиалы мұрындық болды. «Таза ауыл» акциясына 300 ден астам адам жиналды. Олардың арасында еріктілер, студенттер, мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары да бар. Табиғат жанашырлары бірлесіп, Көктем ықшамауданында Жайық жағалауынан 30 куб қоқыс жинады. Одан бөлек, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар да дәріптелді.