Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІV республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивальді қараша айының 23-27 аралығында өткізу жоспарланып отыр.Бұл туралы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Мұқанғали Томанов мәлім етті. Ғасырға жуық тарихы бар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының биыл 85-ші маусымының шымылдығы ашылады. Театр жаңа маусымда Хиуаз, Ақшақыз және Жеті гном, Ричард ІІІ, Келін, Алладин, Айман-Шолпан, Апалы-сіңлілі үшеу және Сиқырлы әлем сынды қойылымдарды көрерменге ұсынбақ.