Заңсыз ауланған 134 келі балық тәркіленді. Теңіз инспекторларымен бірлескен рейд кезінде атыраулық екі тұрғын  ұсталды. Олар су маржандарын аулауға тыйым салынған жерден қарабалық тұқымдас балық түрлерін заңсыз ау құралдарымен қолды қылған. Оның ішінде 100 метрден 3 ау құралы, 2 резиналы қайық тәркіленді. ҚР ҚК 335 бабымен қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.