Атырау облысы жылу беру маусымына 95 пайыз дайын. 
Бұл туралы Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы мәлімдеді. Данияр Мұқышевтың сөзінше, өңірде 13 шақырым жылу,  және 647 шақырым электр желілеріне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіілді.«АтырауЖылуЭлектрОрталығы» мекемесі тарапынан №2, №11 жылу агрегаттарына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Қазір №9 жылу агрегаты жөнделуде. Алдағы уақытта №5 жылу агрегаты да жаңартылмақ. Барлық тұрғын үй 15 қазанға дейін жылу беру маусымына толықтай дайындалып, сол күннен бастап жылумен қамтамасыз етіледі.  Қазір 2 білім ордасы және 7 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Ал қалған нысан жылыту маусымына толықтай дайын.   Айта кетейік, жылу беру маусымына жергілікті бюджет есебінен 1,2 млрд теңге,  кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 2 млрд теңге бөлінген.