Қара  күз жақындағанда 25 отбасы далада қалды. Себебі, билік өкілдері құрылысы былтыр ғана аяқталған "Көктем" тұрғын үй кешенінің   заңсыз салынғанын кеш біліп, енді тұрғын үй кешеніні сүріп тастамақшы.  Ал  жылдап, айлап  ақша жинап, әрең дегенде баспанаға қол жеткіздім,-ау  деген тұрғындар   биліктегілердің бұл шешімімен келіспейтіндерін айтып, бүгін шу шығарды. Наразы топтың базынасын әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт  тыңдап келді.