Атырауда алғаш рет нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатыла бастады. Бұдан былай қала тұрғындары пайдаланылған нан өнімдерінің қалдықтарын жабдықталған арнайы орында қалдырады. Әр екі күн сайын контейнерлердегі нан қалдықтары жиналып, сұрыпталып, кептіріліп, цехқа жіберіледі. Арнайы жабдықта нан қалдықтарынан ірі қара мен ұсақ малға арналған түйіршіктелген жем дайындалады. Дайын өнім қажет еткен шаруа қожалықтары мен басқа да кәсіпкерлерге сатылатын болады..   Айта кетейік, қазіргі уақытта Нұрсая, Авангард, Вокзал маңы ықшам аудандары мен Сәтпаев көшесі бойына 50 жасыл түсті бөшке түріндегі арнайы контейнер орнатылды. Алдағы уақытта осындай 200 контейнер орнату жоспарлануда.